Дағдарысты еңсеріп келе жатырмыз – Мемлекет басшысы - Жаңғырту 3.0|26 Сәуір 2017, 16:02
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Дағдарысты еңсеріп келе жатырмыз – Мемлекет басшысы

Фото: Бауыржан Жуасбаев

Қазақ елі кешенді жаңғыруға кірісті. Еліміз дағдарысты еңсеріп келе жатыр. Басты мақсат өркендеп өсіп, 2050 жылы ең жоғары дәрежеде дамыған 30 елдің қатарына кіру. Бұл туралы Қазақстан Халқы Ассамблеясының ХХV cессиясында ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Ел тыныштығы - тұрақты дамудың ең маңызды шарты екендігіне тағы да көзімізді жеткізіп отырмыз. Бірлігіміздің ұйытқысы, берекеміздің бастауы ретінде құрылған Ассамблеямыз өзіне жүктелген қастерлі миссиясын жоғары дәрежеде орындап отыр. Бүгінгі Ассамблея тарихы – тұрақтылықтың, татулықтың, бейбітшілік пен келісімнің шежіресі, бірліктің киелі бесігі, елдің ортақ мақсатта болуындағы бірегей тетігі», - деді ол.

Кейін Мемлекет басшысы алға қойылған мақсаттар жөнінде айтты.

«Біздің алдымызға қойып отырған басты мақсат өркендеп өсіп, 2050 жылы ең жоғары дәрежеде дамыған 30 елдің қатарына кіру. Ол халқымыздың тұрмыс-жағдайын көтеру деген сөз. Сондықтан біз әлемдік ахуал қандай болса да алға қарай ұмтылуымыз керек. Сіздер көріп отырсыздар. Дағдарысты еңсеріп келе жатырмыз. Экономикалық көрсеткіштерімізді төмен түсірген жоқпыз», - деді Президент.

Осы орайда Елбасы елімізде жүргізіліп жатқан маңызды реформаларға тоқталды.

«Биыл еліміз кешенді жаңғыруға кірісті. Ошақтың үш отындай болатын экономикалық, саяси, рухани бағыттардың қай-қайсысы да айрықша маңызды. «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» экономиканы дамыту туралы өз жолдауымда айттым. Ал Мемлекетті басқару жүйесін жетілдіре түсу яғни, Конституциялық реформалар саяси жаңғырудың негізі. Ал енді «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақала рухани кемелденуді бастайды», - деді ол.

Оның айтуынша, кешенді бағдарламалардың ішіндегі ең маңыздысы – рухани жаңғыру.

«Экономикалық жағынан біз бағдарламаларды дайындадық. Конституция жағынан барлық мемлекеттік билік тармақтарының құзыретін кеңейттік. Енді мінекей рухани жаңғыру болмаса, мұның барлығын істей алмаймыз. Сондықтан рухани тұтастығымыздың өзегіне айналған Ассамблея осынау тарихи жұмыстардың бел ортасында жүруге тиіс деп ойлаймын. Мен оған кәміл сенемін», - деп түйіндеді ойын Нұрсұлтан Назарбаев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер