Cенатор: IT-технологиясы экономиканы жаңартудың кілті болуы тиіс - Жаңғырту 3.0|09 Ақпан 2017, 19:59
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Cенатор: IT-технологиясы экономиканы жаңартудың кілті болуы тиіс

Алматы қаласында жұмыс сапармен жүрген Сенат депутаты Төлеубек Мұқашев Орталық Азия техника-экономикалық колледжінде болды. Оқу орнының ұжымымен кездесудің басты тақырыбы Президент Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы болды, деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

Шараға қатысушылар Мемлекет басшысының бастамаларына қолдау білдіріп, сандық технологиялар негізінде жаңа өндірістерді өркендетудің маңыздылығына баса назар аударды.

Т.Мұқашев IT саласындағы мамандар даярлау барысымен танысты. Бұл бағыттағы жұмыстар 3D-принтинг, онлайн-сауда, ұтқыр банкинг, сандық сипатта қызмет көрсетулер секілді келешегі зор салаларды дамыту жөніндегі Президент алға қойған міндеттерге жауап береді.

Сенатор оқу үрдісінің әдістері оқушылардың ой-өріс деңгейін жетілдіруге және ақпараттарды өздігінен іздестіру тәжірибесін ұштауға ықпал ететініне назар аударды. Колледжде Мемлекет басшысы айтқан үш тілде білім беруге бірте-бірте көшуге жақсы жағдай жасалған. Оқушылардың ағылшын және қазақ тілдерін тереңдетіп оқу мүмкіндігі бар. Ресей, Ұлыбритания, Қытай және Қырғызстана оқу орындарымен ынтымақтастық көп тілділікті дамытуға ықпал етеді.

Колледждің оқытушылары мен студенттері Президенттің білім беруде IT саласын дамыту жөніндегі тапсырмаларын ықыласпен қарсы алғандарын жеткізді. Оқу орнының ұжымы Елбасының Жолдауында алға қойылған өршіл міндерттер мен мақсаттарды іске асыруға әзір екендерін атап өтті.

Сенатор Т. Мұқашев техника саласы бойынша қазіргі заман талаптарына сай келетін жоғары білікті мамандар даярлайтын оқу орнының жұмысына жоғары баға берді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер