Б.Сұлтанов Жамбыл облысында қаржы саласының өкілдерімен кездесті - Жаңғырту 3.0|22 Ақпан 2017, 15:11
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Б.Сұлтанов Жамбыл облысында қаржы саласының өкілдерімен кездесті

ҚР Қаржы министрі Б.Сұлтанов Жамбыл облысында қаржы саласының өкілдерімен кездесті. Кездесу барысында Елбасы Жолдауындағы мақсат-міндеттер талқыланды, деп хабарлайды Baq.kz.

Қаржы министрі Үшінші жаңғырудың әрбір басымдығына толығырақ тоқталып өтті.

Бірінші басымдық аясында экономиканың дәстүрлі салаларында өсудің қарқындауына жаңа технологиялардың трансфері және үздік тәжірибелер мен бизнес-процестерді енгізу арқылы дамыған елдердің деңгейіне дейін еңбек өнімділігін арттыру арқасында қол жеткізілетінін атап өтті.

Б.Сұлтанов өз сөзінде кәсіпкерлік бастамашылықты және халықтың іскерлік қабілетін қолдау, экономикадағы мемлекеттің рөлін қысқарту қажеттігіне ерекше назар аударды. Жиналғандарға адам капиталының сапасын жақсарту, Мәдениет, саясат, дене шынықтыру және спорт тұжырымдамасын, Тілдерді дамыту мен қолданудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Үкімет қолданып жатқан шаралар туралы баяндалды.

Кездесу барысында институционалдық өзгерістер, қауіпсіздік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері де талқыланды.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2017-2020 жылдарға арналған Діни экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет жөніндегі мемлекеттік бағдарлама, сондай-ақ киберқылмысқа қарсы іс-қимыл үшін «Қазақстан киберқалқаны» жүйесі қабылданбақ.

Сондай-ақ, Бақыт Сұлтанов «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облыстық филиалында азаматтарды қабылдады. Шара Президент жолдауын Жамбыл облысының тұрғындарына түсіндіру аясында өткізілген.

Азаматтарды қабылдауды өткізу кезінде министрдің атына әртүрлі сипаттағы мәселелер келіп түсті. Азаматтарды әлеуметтік төлемдер (зейнетақы, жәрдемақы), білім, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт саласындағы объектілер құрылысы, жұмыссыз және жұмыспен қамтылған халыққа әлеуметтік жұмыс орындарын құру мәселелеріне қызығушылық тудырды.

Қаржы министрі барлық сауалға тиісінше түсініктеме беріп, ұсынылған құжаттарды қарастырып, азаматтар қозғаған проблеманы шешу үшін қандай шаралар қолға алынатынын айтты.

Министрдің сөзінше, биыл 3 539,9 млрд. теңге немесе жалпы республикалық бюджеттен 41% әлеуметтік салаға бағытталады.

Бұған қоса, Б.Сұлтанов салық және кедендік әкімшілендіру рәсімдерін жеңілдету мен бизнесті жүргізу үшін жағдайларды жақсарту бойынша үкімет жоспары туралы айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер