Байжол Кәріпбаев: Жолдау ертеңгі күнге деген сенімділікке серпін береді - Жаңғырту 3.0|16 Ақпан 2017, 10:13
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Байжол Кәріпбаев: Жолдау ертеңгі күнге деген сенімділікке серпін береді

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауы ертеңгі күнге деген сенімділікті оятады. Бұл пікірді Е.Бөкетов атындағы Мемлекеттік университеті философия және психология факультетінің деканы, философия ғылымдарының докторы Байжол Кәріпбаев білдірді.

«Биылғы жарияланған Жолдау бізге Елбасымыздың жаңа стратегиялық даму бағытын түсіндіреді. Мен жоғары білім беру саласында қызмет істейтіндіктен, жастарды тәрбиелеуге қатысты айтылған мағыналы сөздер көңілімнен шықты. Жолдауда сыни ойлаудың қажеттілігіне ерекше маңыз бөлінген. Қазіргі кезде студенттерге ақпаратты тек қана оқытудың ескі жолдарымен беруден бас тартып, жастарды сыни және терең ойлау дағдыларына қалыптастыру аса маңызды. Оларды өзіндік оқуға және өзіндік дамуға үйрету керек. Антикалық ойшыл айтқандай, «шәкірт - бұл білім толтыратын бос ыдыс емес, жалындай жандырайтын шырақ болуға тиіс», - деді ол.

Сонымен қатар ол Елбасы діни экстремизмнің таралуы жөнінде үлкен қынжылыспен айтқанын еске салып, бұл құбылысқа қарсы күресте ең маңызды факторларының бірі - ғылыми қамтамасыз етілген ағартушылық болуы тиістігін атап өтті.

«Осы мақсатта академик Е.Бөкетов атындағы Мемлекеттік университетте маңызды жұмыстар атқарылуда. Университетте Қазіргі кездегі діни ахуалды кешенді саралайтын ғылыми-зерттеу зертханасы белсенді жұмыс істейді және Дінтану мұражайы ашылу алдында тұр. Тұтастай алғанда, бұл жолғы Жолдау ертеңгі күнге деген сенімділікті оятады. Осының аясында, білім беру жүйесіне өз болашағына ғана жауапты емес, өз елінің болашағы толғандыратын жас тұлғаны қалыптастыруға деген зор жауапкершілік жүктеледі», - деді Кәріпбаев.

ҚазАқпарат


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер