BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Атыраулық жастар инновациялық технологияларды дамытуға атсалысады

Президент биылғы Жолдауында ел дамуының жаңа бағыт-бағдарын ұсынды.

Бұл – Қазақстан халқының әл-ауқаты мен ұлттық экономикасының дамуының үшінші кезеңі. Мемлекет басшысы кезекті Жолдауында заман талаптарына сай, жаһандық даму үдерістерін қамти отырып, жаңа белестерді бағындыруды көздеп отыр. Ол - жаңа технологияларды дамыту арқылы инновациялық жобаларды отандық экономиканың барлық саласында қолданысқа енгізу. Ел болашағы жастар, осы үшінші кезеңде аса белсенділік танытпақ ниетте. Жолдауды ден қойып тыңдаған жас буын инновациялық технологиялар келешекте ел экономикасының қайнар көзіне айналатынына сенімді.

«Ең негізгі бағыттың бірі ол инновациялық бағыт. Инновацияны біз білім арқылы, білім мен ғылым арқылы технологияға енгізіп оны өнеркәсіпке енгізуге осы жастардың еңбектенетін болады. Елбасының осы Жолдауын жастар болып, барлығымыз бірауыздан күш салып, атсалысып осы жобаны іске асырамыз. Себебі қазіргі заман талабы ол инновациялық технологияларға байланысты болып тұр», - деді жастар қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дәурен Сейітқалиев.

«Біз жастар болып қолдаймыз және алдағы уақытта егерде осындай жаңғырту кезеңінде жаңа, өте қуатты бағдарлама іске асырылса, еліміз дамыған 30 елдің қатарына кіреді деген сеніміміз жоғары», - деді жастар қоғамдық қорының төрайымы Бибігүл Шайхиева.

Хабар24


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер