Астана имамдары Елбасы Жолдауына үн қосты   - Жаңғырту 3.0|03 Ақпан 2017, 10:08
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Астана имамдары Елбасы Жолдауына үн қосты  

Астана имамдары еліміздің маңызды кезеңінде жасалған Елбасы Жолдауына арналған жиын өткізді, деп хабарлайды Baq.kz.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты дәстүрлі Жолдауы еліміздің өсіп-өркендеуіне бағытталған сан саланы қамтыды. Республиканың саяси-экономикалық дамуы, білім-ғылымға ден қою, заманауи технология жетістіктерін жете меңгеру, мәдениет-руханият саласындағы межелі міндеттер жайы осы Жолдауда кеңінен көрініс тапты.

Діни басқарма баспасөз қызметінің мәліметінше, жиынды ашқан наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осынау Жолдау жүктеген міндеттер жайында қала имамдарына түсіндіре келе, ел руханиятын көтеріп, халықтар мәдениеті мен рухани тұтастығын сақтауда баса назар аударуды қажет ететін жайттарды баяндады.

Елорда іргесіндегі «Әлжан ана» мешітінде өткен мәжіліске Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы арнайы қатысып, Жолдауда қамтылған маңызды мәселелер мен міндеттерге тоқталды.

«Мемлекетіміздің болашаққа жасаған бағдарлы жоспарын жүзеге асыру үшін Елбасымыз үлкен міндеттерді алдымызға қойды. Ұлтжанды ұрпақ өсіру, саналы жастарды білім-ғылымға құлшындыру қашанда маңызды. Бұл ретте жастар санасына кері әсерін тигізетін жат мәдениеттерге тоқсауыл қойып, діни теріс ағымдарға тұсау салу керектігін баса айтты. Қазіргі уақытта интернет кеңістігіндегі жат ағымның үгіт-насихатына жол бермеуіміз керек. Халқымыздың бірлігіне сына қағып, бүлікке әкелетін ағымдарға қарсы күрестің қарқыны артуы тиіс» деді бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Ұлт көшбасшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауы жан-жақты талқыланған жиын барысында ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, "Нұр Астана" орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы "Мәңгілік елдің мұраты асыл", "С.Ғылмани" мешітінің бас имамы Жұманазар Садырханов "Басты бағдарымыз – бірлік", "Астана" медресесі директорының орынбасары Қанат Оңғарбаев "Сапалы білім беру – адами капиталды қалыптастыру негізі" тақырыптарында баяндама жасады. Діни саланы одан әрі жандандырып, руханиятты нығайтуға қатысты қала имамдары өз ой-пікірлерін ортаға салды. Ал «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Нұрлан Рамазан 2017 жылы атқарылатын діни іс-шара, рәсімдердің жұмыс жоспарын таныстырды.

Жиын соңында наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Елбасы Жолдауына дін қызметкерлерінің бірауыздан қолдау білдіретінін, мемлекетімізді дамыту жолында еңбек ету басты міндет болып қала беретінін жеткізді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер