BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Астана – адалдық алаңы» жобасы пилоттық режимде іске қосылады

Елорда әкімдігімен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Астана – адалдық алаңы» атты жобасын пилоттық режимде іске қосады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бүгінгі таңда Астана «Ақылды қаланың» қазақстандық үлгісі болып табылады. Құрылып жатқан Digital-кеңістік қала тұрғындары мен қонақтарына қызметтерді үйден шықпай-ақ алып, төлемдер жасауға мүмкіндік береді. ХҚКО-да, ұйымдарда өткізілген түрлендірулер G2C, G2B немесе Мемлекет – Азаматтар, Мемлекет – Бизнес қарым-қатынастарын жаңа деңгейге шығарды.

Сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында сандық технологиялар құқық қорғау органдарының дәстүрлі процедураларына белсенді енгізілуде. Бұл сондай-ақ тұрғындармен жеке байланысты болдырмауға мүмкіндік береді.

Жергілікті атқарушы органның азаматтық қоғаммен тиімді кері байланысы құрылды. Тұрғындардың қалада өткізіліп жатқан реформаларға қоғамдық бақылаумен қатар, оның тыныс-тіршілігіне белсенді қатысуға барлық мүмкіндіктері бар.

Осы себепті пилоттық жобаны жүзеге асыру үшін Астана қаласы таңдалып алынды.

Жобаның басты мақсаты азаматтар мен бизнеске кедергісіз жайлы жағдай жасау, мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы, кең ауқымды қоғамдық бақылау сияқты мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсарту бойынша шешімдер арқылы болашақта азаматтардың жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы моделін және жемқорлықтан бас тартатын қоғамдық атмосфераны дамыту.

Жоба жемқорлықтың факторы ретінде адамның қажеттілігін болдырмайтын мемлекеттік қызметкерлерді тиісті жалақымен қамтамасыз ету, қызметтің барлық бағыттары бойынша қызметтердің, ұйымдардың және мемлекеттік органның жауапты басшыларының жеке жауапкершілігін арттыру, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және т.б. сұрақтарды қамтиды.

«Астана – адалдық алаңы» жобасы аясында құрамына Астана қаласы әкімдігі мен Агенттіктің қызметкелері кіретін бірлескен жобалық офис құрылады. Мәселені кешенді зерттеу үшін құрамына кәсіпкерлер, ғалымдар, азаматтық қоғам өкілдері және БАҚ кіретін сарапшылар қауымдастығы қатысады.

Жоба ағымдағы жылдың ақпан айының алғашқы онкүндігінде іске қосылып, еліміздің басқа өңірлеріне таратылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер