BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақстанның саяси реформасы бірегей құбылыс - А.Сафарян

«Интеграция және даму» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Арам Сафарян Қазақстанның мемлекеттік басқару жүйесінде орын алатын өзгерістерді бірегей құбылыс ретінде бағалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Реформа бұған дейін Қазақстан Президенті айтқан 5 институттық реформадан бастау алады. Ел Президентінен Парламент пен Үкіметке өтетін 40 өкілеттік Мемлекет басшысының құзіреті мен құқықтарын шектеу есебінен аталған органдардың басқаруы күшейетіндігін білдіреді. Елбасының өзі осындай бастама көтеріп отыр», - деді сарапшы.

Оның пайымынша, бұл мемлекетті басқару жүйесіндегі өзгерістер бойынша барынша терең ойластырған шешім екендігін көрсетеді. «Президенттікі дұрыс. Бұл қазақ қоғамының елді жаңғырту қажеттілігіндегі бірегей құбылысы. Екінші жағынан бұл реформа жүйені дамытудың қазіргі батыстық моделі стандартына толығымен сай келеді. Нәтижесінде Қазақстан саяси жүйенің заманауи прогресивті моделіне ие болады», деді Арам Сафарян.

Сарапшының пікірінше, Қазақстанда орын алатын өзгерістердің бір ғана мақсаты бар. Ол - Қазақстан Президентінің елді әлемнің дамыған мемлекеттерінің қатарына қосу міндеті. «Егер үлкен өзгерістерді қамтитын реформалар орын алар болса, онда міндеттер табысты шешіледі. Бауырлас халыққа жаңа жеңістер, тамаша жетістіктер және елдеріңізде қазіргі уақытта орын алып жатқан зор өзгерістерге сәттілік тілеймін», - деді саясаттанушы.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер