«Эйр Астана», «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы» компанияларының акциясы сатылады - Жаңғырту 3.0|10 Сәуір 2017, 11:36
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Эйр Астана», «ҚазМұнайГаз», «Қазақстан темір жолы» компанияларының акциясы сатылады

Биылғы жылдан бастап, бірнеше ірі компанияның акциялары сатыла бастайды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

"Елбасы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке кешенді жоспарға енген ұйымдарды жекешелендіруді 2018 жылдың соңына дейін аяқтау тапсырды. Осыған байланысты Қаржы министрлігі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, сондай-ақ ұлттық басқарушы холдингтермен бірлесіп жекешелендіру процесін жандандыру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биылғы жылы 325 ұйым, 2018 жылы 61 ұйым сатуға шығарылады. Ал 2019-2020 жылдары «Эйр Астана» АҚ, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «Қазпошта» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» ҰК» АҚ сияқты 8 ірі компания активін IPO/SPO-ға шығару жоспарланып отыр», - деді Тимур Сүлейменов.

Қаржы министрлігінің мәліметі бойынша 2018 жылы 21 топ объектіні сату жоспарлануда. Оның ішінде Ұлттық холдингтердің - 16 және мемлекеттік меншіктің – 5 объектісі бар. 2019-2020 жылдары Самұрық-Қазынаның 8 ірі компаниясын (оның ішінде 14 топ объектісін) IPO/SPO шеңберінде 8 топ компаниясын сату жоспарланып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 12:54
Софияда Астана көшесі ашылды
29 Желтоқсан 2018, 12:42
Астана. Қысқы этюдтер
Пікірлер