BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақмолалық кәсіпкерлер «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға атсалысуда

Фото: Автор

Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттарын табысты жүзеге асыруға жеке кәсіпкерлер де үлес қосуда. Бұл туралы Көкшетауда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жарияланғанына бір жыл толуына орай өткізілген ғылыми-әдістемелік конференцияда айтылды, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.

Облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімованың айтуынша, өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасының негізгі бағыттары табысты жүзеге асырылуда. Оған жеке кәсіпкерлер де зор үлес қосуда.

«Ақмола облысында әлеуметтік бағыттағы жеке бастамалардың шеңберінде 34 іс-шара жоспарланған, жеке инвесторлармен әлеуметтік нысандар құрылысы бой көтермек. Айталық, Целиноград ауданында жалпы соммасы 1 миллиард 212 миллион теңгеге 3 жаңа мектеп, 2 денешынықтыру-сауықтыру кешенінің, 948,7 миллион теңгеге 2 жаңа балабақша құрылысы жоспарланған. 2017 жылы Қорғалжын ауданында өңірге ғылыми-ағартушылық жұмыстар жүргізу мақсатында орнитологиялық орталық ашылды. Облыста жалпы білім беру мектептерінің 5 және 7-сынып оқушылары үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде «Өлкетану» оқулығының жобасы әзірленді», - дейді Айна Мысырәлімова.

Шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға үлес қосқаны үшін «Заречный» ЖШС директоры Уәлихан Әріпов, «Костычев» ЖШС директоры Балғабай Қабжанов, «Көкше Жемчуг» ЖШС директоры Қанат Жакенов, «BI Group» ЖШС директоры Бауыржан Исабаев сияқты кәсіпкерлер Ақмола облысы әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

«Біздің өңірдің 8 тұрғыны «100 жаңа есім» жобасына енді. Бағдарламаны жүзеге асыруға айтарлықтай үлес қосқан ақмолалықтарға алғысымыз шексіз. Сіздердің жасап жатқан өнегелі істеріңіз туған өлкемізге деген адалдық пен махаббаттың жарқын үлгісі», - деді А.Мысырәлімова.

Жалпы, рухани жаңғыру өзіміздің озық ұлттық дәстүрлерімізге бет бұрып, төл арнамызға – қазақтың өзіндік ұлттық даму жолына түсу екендігін атап өтті шараға қатысқан спикер, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Рухани жаңғыру» институтының директоры Ерлан Арын.

«Әр өңір ауқымды бір жобаны жүзеге асыруы тиіс. Еліміздің әр өңіріндегі Ш.Уәлиханов атындағы мектеп өкілдерінің қатысуымен киелі Көкше жерінде ғылыми конференция өткізілсе, білім саласында өлкетану курстары енгізілсе деген ұсыныс білдіргім келеді. Жастар туған жер тақырыбында очерк жазуға дағдыланғаны жөн. Бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі жүргізілуі тиіс», - деді Ерлан Арын.

Шара аясында арнайы көрме ұйымдастырылып, латын қаріпті пернетақта жобасы таныстырылды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер