BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ақмола облысында бес көшенің атауы өзгерді

Ақмола облысының Сандықтау ауданында бес көшеге билердің есімі берілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Ақмола облысының Сандықтау ауданы әкімдігінің қоғамдық кеңеске қатысушылары бірқатар ауылдардағы көше атауын өзгертуге дауыс берді. Атап айтқанда, Каменка ауылындағы Заготзерно көшесіне Қанай бидің есімі берілді. Ұлан ауылындағы Гвардейская, Степная және Школьная көшелері – Әйтеке би, Қанай би, Төле би болып өзгертілді. Мысок ауылындағы Набережная көшесі – Қазыбек би көшесі болып аталды», - деп жазылған хабарламада.

Осылайша аудан тұрғындары мемлекет және құқықтық жүйенің қалыптасуында маңызды рөл атқарған қазақ билерінің есімін қайта жаңғыртты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер