Аграрлық салада ірі экспорттаушы болуға мүмкіндігіміз зор - Есполов - Жаңғырту 3.0|15 Ақпан 2017, 20:36
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Аграрлық салада ірі экспорттаушы болуға мүмкіндігіміз зор - Есполов

Аграрлық саласының көптеген өнімдері бойынша еліміз органикалық азық-түліктің ірі экспорттаушысы болуына мүмкіндігі зор, деді Қазақ Ұлттық Аграрлық университетінің ректоры Тілектес Есполов «Агроөнеркәсіптік кешен Қазақстан экономикасы дамуының драйвері» атты республикалық форумда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ректор баяндамасында бүгінгі күні Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенінің алдында әлемдік нарықта экспортқа бағытталған, бәсекеге қабілетті, сапалы өнім көлемін молайту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеті тұрғанын айтты.

«2016 жылы «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» жаңа заң қабылданды. Ауыл шаруашылығы министрлігі «Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жасап, Үкіметке бекітуге ұсынды. Жолдауда 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге біріктіру, ауыл шаруашылығын субсидиялау мен несие берудің жаңа механизмдері қарастырылған. Ауыл шаруашылық кооперативтеріне біріккен ұжымдарға арнайы салық жүйесі енгізіліп, оларға 70 пайыздық жеңілдік беріледі. 5 жыл ішінде суармалы егіс алқабын 40%-ға кеңейтіп, 2 миллион гектарға жеткізу көзделіп отыр. Өндірісте сұранысқа ие аграрлық ғылыми зерттеулерге салынатын инвестиция көлемі ұлғаяды. Аграрлық саланың көптеген өнімдері бойынша еліміз органикалық азық-түліктің ірі экспорттаушысы болуына мүмкіндігі зор», - деді Тілектес Есполов.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 31 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауын жария етті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер