BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

2025 жылға дейінгі даму стратегиясында жеті жүйелі реформа қарастырылған – Ошақбаев

Қазақстанның 2025 жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары туралы «Talap қолданбалы зерттеулер орталығының» директоры Рахым Ошақбаев өз пікірін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Осы құжат қазақстандық сараптамаға сүйене отырып, кең ауқымда талқыланып барып, әзірленді. Пікірталасқа 80-ге жуық сарапшы қатысты. Олардың барлығы да стратегияны әзірлеуге атсалысты», - дейді Р.Ошақбаев.

Сондай-ақ, сарапшы құжатта әлемнің дамыған 30 елінің қатарына қосылу жолындағы прогресті бағалау және мақсаттарға қол жеткізу үшін халықтың өмір сүру сапасы мен экономикалық өсім сапасын бағалайтын негізгі ұлттық индикаторлар қарастырылғанын айтты.

«Қазақстанның жаһандық бәсекеге қол жеткізуі үшін тұрақтылық пен даму теңгерілімін қамтамасыз ететін саясатты іске асыру көзделген. Онда қолжетімді несие, төменгі пайыздар, ынталандырушы салық саясатынан және салық салу саласындағы теңдіктен тұратын ынталандырушы макроэкономикалық саясат та қарастырылады», - дейді сарапшы.

Сонымен қатар, Рахым Ошақбаев 2050 стратегиялық жоспарын жүзеге асыру азаматтық сектордың араласуы арқылы жүргізілетін атап өтті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер