Қытайдан келген ақын қандасымыз Астана күніне жырдан шашу шашты - Атажұрт|08 Шілде 2017, 12:28
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қытайдан келген ақын қандасымыз Астана күніне жырдан шашу шашты

Қытайдан атажұртқа оралған қандасымыз, ақын Әділет Ахмет Астана күніне өлеңін арнап, барша Қазақстан жұртшылығын мерейлі мерекемен құттықтады.

Әділет Ахмет 1986 жылы 25 қыркүйекте Қытай Халық Республикасы, Алтай аймағы, Бурылтоғай ауданына қарасты Қарамағай ауылы Таңбалы қыстағында дүниеге келген. 2012 жылы Пекиндегі Ұлттар университетін Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген ол Шыңжаңдағы «Мұра» журналында тілші және редактор болып қызмет атқарған. 2014 жылы атажұртқа оралған қандасымыз қазіргі таңда А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында ғылыми қызметкер болып жұмыс жасайды.

Бала кезінен әдебиетке аса бір әуеспен келген Әділеттің «Қарғалдақ махаббат» атты өлеңі 2008 жылы Шыңжаңдағы «Құмыл алқабы» журналында жарық көргеннен бері «Шыңжаң газеті», «Алтай газеті», «Іле жастары», «Шұғыла», «Мұра» сияқты Қытайдағы түрлі қазақтілді басылымдарда 80-ге жуық өлеңі мен мақаласы және аудармалары жарияланған. Оның «Ақ ала ордам қонған жұрт» атты поэмасы Астананың 15 жылдығына орай «Қазконтент» АҚ ұйымдастырған жыр мүшайрасының 2-дәрежелі жүлдесін жеңіп алған еді. Әділет былтыр өткен «Алматы – тәуелсіздіктің алтын бесігі» атты халықаралық жыр мүшәйрасының бас жүлдесін еншілеген болатын.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер