BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ташкентте Төле бидің 355-жылдығы аталып өтті

Ташкентте қазақтың қоғам қайраткері, шешен, Ұлы жүздің бас биі Төле бидің 355-жылдығы аталып өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Шараға Қазақстан мен Өзбекстанның интеллегенция өкілдері, жергілікті қазақ диаспорасының өкілдері мен Түркістан облысынан келген арнайы делегация қатысты. Жиналғандар Төле биді еске алып, құрмет көрсетті.

Өзбекстанның Қазақстандағы жылы аясында "Төле би құрметі үшін" конференциясы өтті. Шара барысында бауырлас елдерден келген ғалымдар мен жазушылар бидің қоғамдық қызметі жайлы баяндама жасады.

Атап өтсек, қазақтың үш биінің екеуі Өзбекстанда жерленген. Төле би Ташкенттің Қарлығаш би мазарында, ал Əйтеке би Навои облысында жерленген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер