BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Елбасы ядролық державаларға ортақ шарт әзірлеуді ұсынды

Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев барлық ядролық державаларға (алпауыт елдерге) ядролық қаруды азайту туралы жалпыға ортақ шарт әзiрлеу жөнінде келiссөздерге кiрiсудi ұсынды. Елбасы бұл ұсынысын Тәуелсiздiк сарайында өтiп жатқан Семей ядролық сынақ полигонының жабылуының 25 жылдығына арналған «Ядролық қарусыз әлем құру» атты халықаралық конференция барысында айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Ядролық арсеналдарды азайту үдерiсiн көп тарапты ету керек, оған осындай әскери күшке ие барлық мемлекеттер қатысуы керек. Бiз қазiргi таңда мұндай мемлекеттер саны 20-дан асқанын бiлемiз. Олар атомдық аймақтан тыс елдер саналады. Бұл үшiн алдымен межелiк топқа жататын мемлекеттердiң ядролық мәртебелерiн толық заңдастыру керек. Барлық ядролық державаларға ядролық қаруды азайту туралы жалпыға ортақ шартты әзiрлеу жөнінде келiссөздерге кiрiсу керек», - дейдi Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, бүгiнгi форум БҰҰ Бас Ассамблеясының резолюциясына сәйкес жыл сайын аталып өтетiн Халықаралық ядролық сынаққа қарсы iс-қимыл күнi аясында өтiп жатыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер