Атырауда мемлекеттік марапаттар тапсырылды  - Ұлы даланың 27 жылы|16 Желтоқсан 2018, 15:28
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Атырауда мемлекеттік марапаттар тапсырылды 

Астана, BAQ.KZ. «Құрманғазы» мәдениет сарайында тәуелсіздік күніне орай салтанатты шара өтті.

Мемлекеттік марапаттар мен құрмет грамоталары, алғыс хаттар 60-тан астам мемлекеттік қызметшілерге, мұғалімдер мен дәрігерлерге, қоғамдық ұйымдардың, мәдениет, спорт салаларының өкілдеріне тапсырылды, деп хабарлайды Атырау облысынң Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Салтанатты шарада сөйлеген Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мемлекеттік мерекенің айрықша маңызы бар екенін атап өтті.

- Әр елдің, әр халықтың жыл сайын тойланатын басты мерекесі болады. Қазақстанда ол - Тәуелсіздік күні. 27 жыл бұрын біздің еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, әлемдік қоғамдастық тарапынан қолдауға ие болды. Бұл ата-бабамыздың сан ғасыр бойғы арманы мен үмітінің ақиқатқа айналуы, - деді Нұрлан Ноғаев. – Осы жылдар аралығында мемлекет басшысының сарабдал саясатының арқасында еліміз табыстарға қол жеткізді. Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі ірі мемлекеттермен қатар қауіпсіздік пен әлемдік экономиканың дамуына өлшеусіз үлес қосып келеді.

Аймақ басшысы қазақстандықтардың бірлігі мен өзара түсіністігі еліміздің экономикалық, әлеуметтік дамуына оң ықпал етіп отырғанын атап өтті. Біздің бәрімізді біріктіретін бір дүние - мақсат қоя білу, аянбай еңбек ету және өз халқыңа, Отаныңа құрметпен қарау, сол арқылы қай салада да жетістіктерге жетіп келеміз. Осындай адамдардың арқасында өңіріміз де, еліміз де дамып келеді.

- Дүние жүзінде қаншама адамдар өз мемлекеттерінің тәуелсіз болуын армандайды. Қазақстанның тәуелсіздігі-халықтың басты байлығы. Қазақстан халқының 1991 жасаған таңдауының сарқылмас тарихи күшінің түйіні - азат, тәуелсіз елде бейбітшілік пен келісімде өмір сүру, жарқын болашағын құру, - деді Нұрлан Ноғаев.

Әлемнің саяси картасына енгелі Қазақстанның ұстанымы мен беделі бекіді, халықтың әл-ауқатының көтерілуінің негізі болды, мұның бәрі мемлекетіміздің тәуелсіздігінің арқасында болған игіліктер. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың болашақты болжай білуі саяси аренадағы мемлекет тәуелсіздігінің маңыздылығын анық көрсетті.

- Елдің біртұтастығы, қарқынды дамуы әр қазақстандықтың жағдайының жақсаруына оң әсер етеді. Мұны біздің өңірімізде жасалып жатқан жұмыстар арқылы да бағамдауға болады. Қазір аймақта әлеуметтік-экономикалық дамуға қажет алғышарттардың бәрі бар. Жаңа әлеуметтік нысандар салынып, экономиканың барлық салалары дамуда, тұрғындардың тұрмыс деңгейі артуда, бұл біздің басты табысымыз, - деді облыс әкімі.

Құттықтау сөзінен соң Нұрлан Ноғаев бірқатар атыраулықтарды «Парасат»,

«Құрмет», III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін », «Шапағат» медальдарымен және алғыс хаттар мен мақтау қағаздарымен марапаттады. Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты шара мерекелік концертпен аяқталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер