Әскери институт Тәуелсіздік күнін тойлады - Ұлы даланың 27 жылы|18 Желтоқсан 2018, 15:09
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Әскери институт Тәуелсіздік күнін тойлады

Астана, BAQ.KZ. Тәуелсіздік мерекесін Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының жеке құрамы кеңінен атап өтті. Тәуелсіздік мерекесін әскери оқу-орнының жеке құрамы саптай тізіліп, тік тұрып қарсы алудан бастады.

Ортаға институттың жауынгерлік туы шығарылып, мемлекеттік Әнұран орындалды. Институт бастығы полковник Асқар Мұстабеков Жеке құрамды құттықтады.

«Тәуелсіздік қазақ халықына оңай жолмен келген жоқ. Талай сындарлы жолдардан өттік. Жоңғар шапқынышылығы, патша билігіне қарсы тұрған ұлт азаттық күрес, 30-жылдар басындағы зұламат аштық, қазақ халқын жойып жіберудің аз-ақ алдында болды. Бірақта қандайда болмасын тура келген ажал тырнағынан бостандықты сүйген, намысты биік қойған өр халық ретінде аман шығып, бүгінде Елбасы салған сара жолмен жүріп келеміз. Шекарамызды бекітіп, Айбынды әскермізді құрдық. Алыспен де жақынмен де татулық орнатып, экономикамызды нығайттық. Қазақстан халықтарының достығын арттырып, бүгінде Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығын атап өтудеміз. Осы орайда барлықтарыңызды төл мерекеміз Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын. Көк байрағы желбіреген бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы жарасқан еліміздің Тәуелсіздігі баянды болсын» - деді ол.

Мереке барысында үздік көрсеткіштерге қол жеткізген әскери қызметшілерге кезекті әскери шендер, мақтау қағаздары және алғыстармен қатар «Мінсіз қызметі үшін» I, II, III дәрежелі медальдар, ҚР «Құрметті ардагері» төс белгілері табысталды.

Осы тұста Тәуелсіздігіміздің 27 жылдығына орай, институт бастығының кубогы үшін, институтымыздың бітіруші түлектері 5 курс курсанттарының ұйымдастыруымен, футболдан, волейболдан, әскери қоян-қолтық ұрысынан дәстүрлі XIII курсанттар спартакидасы да өз мәресіне жетті. Осы мерекелік іс-шара барысында жеңімпаз командалар мен жүлдегерлерді институт бастығы грамота, медальдар, кубоктар және бағалы силықтармен марапаттады.

Мерекелік коцертте институтымыздың шығармашылық тобымен қатар Қазақстан эстрада жұлдыздары, өнер театрларының өренді жастары және «Салтанат» би ансамбілінің бишілері өнер көрсетті.

Концерт соңында институт бастығы полковник Асқар Мұстабеков мерекеліс іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған тәрбие және идиологиялық басқарма ұжымына жеке құрам атынан алғысын жеткізді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер