BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

16 ЖЕЛТОҚСАН – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ

Астана, BAQ.KZ. Бүгін – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні, еліміздің басты мемлекеттік мерекелерінің бірі. Тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні.

16 желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік – тек Қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ халқының өкілдері үшін де маңызы зор мереке.

1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі "Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы" заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25 қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің мерейін нығайта түсті.

Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Бұдан әрі Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран Ислам мемлекеті таныды. Осылайша әлемдік саясат аренасында ҚАЗАҚСТАН деген жаңа мемлекет пайда болды. Түркия ең алғаш болып елшілігін ашты. Небәрі бірнеше аптаның ішінде әлемнің көптеген беделді елдері Қазақ елінің тәуелсіздігін қуаттап, дипломатиялық қатынастар басталды.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан төрткүл дүниеге танымал болып, ғасырларға тең жолдан өтті. Қазақстанның бастамалары бүгінде бүкіл әлемге танымал. Еліміз алыс-жақын жұрттармен аралас-құралас байланыста, стратегиялық әріптестікте Орталық Азия өңіріндегі тұрақтылықтың негізі болып келеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер