Жыл сайын Қазақстанда 32 мыңнан астам адам обырға шалдығады - Ұлт саулығы|24 Қыркүйек 2014, 10:50
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жыл сайын Қазақстанда 32 мыңнан астам адам обырға шалдығады

Астана. 24 қыркүйек. Baq.kz – Жыл сайын Қазақстанда 32 мыңнан астам және әлемде 14 миллион адамға обыр диагнозы қойылады. Олардың жартысынан астамы зейнеткерлік жасқа жетпегендер дейді JSC "мемлекеттік онкология және трансплантология зерттеу орталығының" өкілі Насрулла Шаназаров. 

Айта кетейік, бүгін Астанада Халықаралық онкологиялық симпозиум өтіп жатыр. Шара 26 қыркүйекке дейін жалғасын таппақ.
"Онкология - жаһандық денсаулық сақтаудағы маңызды салалардың бірі екені белгілі. Қазақстан мен әлемдегі барша онкологтардың басты мақсаты - өмір сүрудің орташа ұзақтығын және тұрмыс деңгейін жақсарту. Соңғы жылдары жинақталған тәжірибе обыр ауруын диагностикалау, алдын алу және емдеудің инновациялық әдістері көптеген науқастардың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік беріп отыр" деді Н.Шаназаров.
Оның айтуынша, былтыр обырға шалдығудың 33029 фактісі тіркелген. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 1,7 пайызға көп. Демек, елімізе обыр дертін диагностикалау тәсілдерін әлі де болса жетілдіру керек.
Айта кетейік, симпозиумға Еуропа, ТМД елдері мен АҚШ-тың онкологиялық орталықтарының дәрігерлері, Қазақстанның жетекші медициналық университеттерінің ғылыми қызметкерлері мен ғалымдары қатысуда. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер