«Республикадағы инфекциялық ауруларды эпидемиологиялық қадағалау жүйесінің тиімділігін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы растады және Қазақстанды полиомиелиттен және безгектен еркін ел деп танылды»,- деді министр.
Қазақстанда жыл сайын мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен тұрғындарды барлығы 21 инфекциялық ауруға қарсы егу жүзеге асырылады. Жыл сайын 5 млн жуық адам егіледі.
«Қазақстанда вирусты гепатиттің барлық түрлері республикалық бюджет қаражаты есебінен емделеді. Қазіргі уақытта пневмококк инфекциясына қарсы республиканың 10 өңірінде иммундау жүргізіледі. 2015 жылы вакцинациялау республиканың барлық өңірінде жүргізілетін болады»,- деді бас дәрігер. Министрдің айтуынша, соңғы жылдары АИТВ инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақталған. Ал сырқаттанушылық 4,9% төмендеген.
«Жыл сайын энзоотикалық аймақта тұратын 118 мыңнан аса адам обаға қарсы егіледі. Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жылдары профилактикалық іс - шараларды жүргізу нәтижесінде республикада халықтың обамен ауру жағдайы тіркелген жоқ», -деп толықтырды сөзін Салидат Қайырбекова.
Айта кетелік, 2014 жылдан бастап халықтың санитарлық- эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамсыз ету және реттеу өкілеттілігі жаңадан құрылған ҚР Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігіне берілген.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!