Жыл сайын 10 миллион адам скринингтен өтіп, 1,5 млн ауру анықталады - Ұлт саулығы|11 Маусым 2014, 15:54
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жыл сайын 10 миллион адам скринингтен өтіп, 1,5 млн ауру анықталады

Ұлттық скринингтік бағдарлама шеңберінде инфекциялық емес аурулардың барлық түрлері бойынша тексерулер жүргізіледі және ол халықтың 30%-дан астамын қамтиды. Бүгінде елімізде 11 скринингтік бағдарлама бар, оның 6 түрі онкологиялық ауруды ерте анықтауға бағытталған. Жыл сайын 10 миллионнан астам адам скринингтен өтіп, 1,5 млн. ауру анықталады, олар тіркеуге алынады және сауықтыру кезеңдерінен өтеді. Бұл жайында ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мәлім етті.
 

«Ерте анықтау бұл тек сапалы сауықтыру ғана емес, мемлекеттің және науқастың емделуге кететін шығынын азайтады. Мысалы, 1-2 сатыдағы сүт безі обырын емдеу мемлекетке 780 мың теңгеге түссе, 3-4 сатыдағы түрін емдеу 26,5 млн. теңгеге шығады. Сүт безі обырын ерте кезеңде айқындауды 10%-ға арттыру республика бойынша 9 млрд. теңгеден аса қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді. Бұл тек бір ауру түрі бойынша ғана мысал»,- деді министр.
Cалидат Қайырбекованың айтуынша, ауруды ерте кезеңде анықтау және диагностикалау мен емдеудің жоғарғы технологиялық әдістерін қолдануды кеңейту арқылы қан айналымы жүйесі ауруынан болатын өлім-жітім 2 есеге төмендеген. Тек 2013 жыл ішінде республика бойынша 60 мыңнан астам кардиохирургиялық операция жасалған. Бұл 2010 жыл деңгейінен 38 мың операцияға көп.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер