BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 378.56 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.44 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.91
Астана:

Жедел жәрдемге арналған жаңа жабдық

Астана, BAQ.KZ. Құрылғы дәрі-дәрмектерді науқастарға күрделі жағдайларда тез арада егуге көмектеседі, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық жедел жәрдем медициналық станциясының дәрігерлері инъекция мен инфузины жасауға арналған жаңа құрал-жабдықтарды көрсетті. Ол пациенттердің күре тамырын қиын жағдайларда тез анықтауға көмектесіп, олардың өмірін құтқаруға мүмкіндік береді.

«Біздің бригадалардың сапалы медициналық қызмет көрсетуі тікелей жылдамдыққа байланысты. Әсіресе, науқастың өміріне тікелей қауіп төнген кезде медициналық көмектің тез арада көрсетілуі аса маңызды. Мұндай жағдайда дәрігерлер барынша тез күре тамырды анықтап, дәрі-дәрмекті егуі керек», - деді жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің Арман Баянбаев.

Желтоқсанда жедел жәрдем станциясының 53 бригадасына күре тамырды анықтайтын AccuVein портативті құрылғылар берілді. Бұл құрылғы күре тамыры анық көрінбейтін науқастың тамырын анықтауға мүмкіндік береді. Құрылғы бірнеше сантиметрлі ара қашықтықтан 8 мм тереңдіктегі адамның барлық тамырын анықтап береді.

«Кей адамдардың күре тамырларын анықтау мүмкін емес, тіптен көрінбейді. Күре тамырдың көрінбеуі тек сырқат адамда емес, кез-келген жанда болуы мүмкін. Мұндай жағдай адамдардың қан қысымы төмендегенде орын алады. Тамыр адам шошып кетсе, қан кетіп жатса, денесін күйік шалса көрінбейді. Бұрын дәрі-дәрмекті егу үшін тамырға бірнеше рет ине салу керек еді. Енді бірден табуға болады», деді Арман Баянбаев.

Бұдан бөлек, дәрігерлер сүйекішілік инфузиялық жүйелердің жұмысымен таныстырды. Олар 2018 жылдың шілдесінен бастап қолданыста. Мұндай жүйелермен 15 реанимациялық бригада жабдықталған. Оның көмегімен дәрі бірнеше секунд ішінде орталық қанағымға жетеді. Бұл инфузиялық терапияны қас қағым сәтте бастауға мүмкіндік береді. Осыдан кейін науқасты стационарға көшіруге болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер