Астана. 20 қыркүйек. Baq.kz – Жатыр мойны обыры күннен күнге жасарып барады. Медицина мамандары осылай дабыл қағуда. Астанада бас қосқан дәрігерлер жеткіншек қыздарға жатыр мойны қатерлі ісігіне қарсы екпе жасаудың өзектілігін сөз етті.
Астана. 20 қыркүйек. Baq.kz – Жатыр мойны обыры күннен күнге жасарып барады. Медицина мамандары осылай дабыл қағуда. Астанада бас қосқан дәрігерлер жеткіншек қыздарға жатыр мойны қатерлі ісігіне қарсы екпе жасаудың өзектілігін сөз етті.
Мамандардың пікірінше, бұл аты жаман аурудың алдын алуға болады. Әсіресе, І, ІІ дәрежеде болған жағдайда ем оңай қонады. Сондықтан тұрғындарды қатерлі дерт туралы дұрыс ақпараттандыру қажеттігін айтуда дәрігерлер. Бұл ауруадамның папиллома вирусын жұқтыруынан пайда болады. Әсіресе, жатыр мойнының тіндері әлі толық пісіп жетілмеген жеткіншек қыздардың иммунитеті вирусты бірден қабылдап алады. Сондықтан ата-аналар қыздарына ерте жыныстық қатынасқа түсу мен темекі шегудің арты орны толмас қайғыға әкеп соғуы мүмкін екенін айтып түсіндіруі керек. Статистикалық деректерге сүйенсек, елімізде қазір жатыр мойны ісігіне шалдыққан 10 мың әйел онкологтердің жіті бақылауында тұр. Ал жыл сайын бұл дертке 1200 әйел шалдықса, олардың жартысынан көбі көз жұмады екен.
Алмаш Бекмұхаметова, Ана мен бала орталығының бөлім меңгерушісі:
- Ата-ана дайын болуы керек. Олардың қорықпағандары жөн. Бұл – жатыр мойны ісігінен қызын сақтағаны. Зиянын көрген жоқпын. Вакцинаны өзге мемлекеттер қолданып жатыр. Зияны болса, ол мәселе көтерілер еді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!