Жаппай тамақтан улану жағдайы соңғы 10 жылмен салыстырғанда жиілеп кеткен - Ұлт саулығы|21 Қыркүйек 2014, 16:50
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жаппай тамақтан улану жағдайы соңғы 10 жылмен салыстырғанда жиілеп кеткен

 Астана. 21 қыркүйек. Baq.kz – Республика бойынша биылғы жылдың сегіз айында жаппай тамақтан улану мен ішек инфекциялары жағдайымен 248 зардап шеккендер мен 15 оқиға тіркелген. Бұл республикада «жаппай тамақтан улану жағдайлары» соңғы 10 жылмен салыстырғанда жиілеп кеткендігін көрсетіп отыр деп хабарлайды тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің баспасөз қызметі.

 Комитет мамандарының айтуынша улану жайтының көбі жұмысшылар мен құрылыс алаңдарындағы асханалардың, жаппай шаралар өткізу үшін жалға алынған мейрамханалар мен дәмханалардың, балалардың ұйымдастырылған тамақтандыру қызметтерімен байланысты орындарында тіркеліп отыр.
Уланулардың пайда болуына субъектілермен белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамауы, сондай-ақ тұтынушылардың құқықтарын қорғау бойынша органдарынан келісім алмаған объектілердің қызметі себебші болады дейді тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің мамандары.
Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, арнайы органдарымен жаппай тамақтан улану мен жұқпалы аурулардың барлық жағдайлары бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы шаралар ұйымдастырылып өткізілген. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасымен келісім бойынша кәсіпкерлік субъектілер жоспардан тыс тексеріліп, объектілердің жұмысы тоқтатылған және жауапты тұлғалар әкімшілік жазаға тартылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер