Астана. 14 наурыз. Baq.kz – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г.Н.Әбдіқалықованың төрағалығымен селекторлық режимде ҚР Үкіметі жанындағы Денсаулықты сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің ХХІІ отырысы өтті.
Астана. 14 наурыз. Baq.kz – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Г.Н.Әбдіқалықованың төрағалығымен селекторлық режимде ҚР Үкіметі жанындағы Денсаулықты сақтау жөніндегі ұлттық үйлестіру кеңесінің ХХІІ отырысы өтті.
Кеңесте «100 мектеп және 100 аурухана құрылысы» және «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана құрылысы» жобаларын іске асыру барысы қаралды.
Жиында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Б.Т.Төкежанов «100 мектеп, 100 аурухана құрылысы» жобасы бойынша 71 нысан құрылысы аяқталғанын жеткізді. 28 нысан құрылысы 2016 жылдың соңына дейін іске асыру көзделіпті. Сондай-ақ, «350 дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт және емхана құрылысы» жобасы бойынша 103 нысан құрылысы аяқталып, іске қосылған. 242 нысан құрылысын 2016 жылдың соңына дейін іске асыру көзделіп отыр.
Жиын соңында Ұлттық үйлестіру кеңесі облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне 2014 жылы іске қосу жоспарланған денсаулық сақтау нысандарын уақытылы пайдалануға беру, дәрігерлік амбулаториялар мен фельдшерлік-акушерлік пунктер құрылысына жергілікті бюджеттен уақытылы қаржы бөлу бойынша нақты шаралар қабылдауды тапсырды.
Республикалық бюджеттен бөлінген қаражат игерілмеген жағдайда оның көлемін қысқарту немесе басқа басымды бағыттарға жұмсау Денсаулық сақтау министрлігіне тапсырылды. Ал, ҚР Өңірлік даму министрлігіне жобалық-сметалық құжаттарға сапалы сараптама жасау бойынша шаралар қабылдау жүктелді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!