Жалғызбасты аналарға балабақшадағы кезекке жеңілдік жасалуы тиіс - Ұлт саулығы|04 Наурыз 2014, 17:28
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жалғызбасты аналарға балабақшадағы кезекке жеңілдік жасалуы тиіс

Астана. 4 наурыз. Baq.kz – Бүгін Қазақстан Коммунистік Халықтық Партиясының жетекшілері өткізген жиында Мәжіліс депутаты Жамбыл Ахметбеков осылай деді.

«Екі баланы бір өзім асырап келмін. Менің ойымша, елімізде аналарға жеткілікті қолдау көрсетілмей отыр. Балабақшаға кезекке тұрғанда жылдың басында туылғандар орын алып, қалғандары жылдап кезек күтуге мәжбүр. Балабақша салу мәселесі қаралсын. Ал, ата-анасының бірі жоқ отбасында өмір сүретін балаларға балабақшаға кезекті жеңілдетілуі керек, миллиардтаған қаражат игерілмей қалып жатқан жоқ па?. Ал, бала - біздің елдің болашағы. Оларды азамат етіп өсіруде, тірбие беруде, білім беруде үкімет тарапынан қолдау көрсетілуі керек», деді жиынға қатысқан жалғыз басты ана Шарихат Иманбаева.
Сондай-ақ, шараға қатысқандар алимент төлеуден жалтарып жүрген азаматтарға банктен несие алғызбауды өтінді.

«Елімізде алимент төлеуден қашып жүрген жүз мыңдай азамат бар екен. Осыларға халыққа қызмет көрсету орталықтарында, банктерде қызмет көрсетпесе, оларға несие берілмесе дегім келеді. Сонымен қатар, кәмелетке жасы толмаған мүгедек бала асырап отырған аналарға жәрдемақыны ұлғайтса, тұрғын үй беру кезегін қатаңдатса екен...» деді Астана қаласының тұрғыны Жанат Тұрымбетова.

Айта кетейік, Қазақстанның Коммунистік Халықтық партиясының ұйымдастырылуымен өткен «Әйелге қамқорлық - болашаққа қамқорлық» қоғамдық талқылауында аталмыш фракцияның депутаттары біржолғы жәрдемақыларды екі есегі көбейту, бала күтімі бойынша декреттік демалысты үш жылға созу секілді аналардың әлеуметтік жағдайын жақсартуда бірқатар ұсыныс жасаған болатын. 

 

Суретті түсірген - Ғабит МАДАЛИЕВ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер