Астана. 29-қыркүйек. Baq.kz – Әлемнің таңдаулы мамандарының қатысуымен болған «Үздіксіз медициналық білім беру - қауіпсіздік кепілі мен медициналық көмек сапасы» атты алғашқы республикалық конференциясы 25-27 қыркүйекте Алматы қаласында өтті.
Астана. 29-қыркүйек. Baq.kz – Әлемнің таңдаулы мамандарының қатысуымен болған «Үздіксіз медициналық білім беру - қауіпсіздік кепілі мен медициналық көмек сапасы» атты алғашқы республикалық конференциясы 25-27 қыркүйекте Алматы қаласында өтті.
«Өткізіп отырған конференция денсаулық сақтаудың проблемалық мәселелерін халықаралық диапазонда кеңінен талқылау халықаралық ынтымақтастықты дамыту және үздіксіз кәсіби білім беру сапасын жетілдірудің нақты қадамдарын айқындауға мүмкіндік беріп отыр» дейді ұйымдастырушылар.
Конференция жұмысына Ұлыбритания, Финляндия, Корей Республикасы, АҚШ, Түркия, Беларусь, Ресей және басқа да елдердің үздіксіз кәсіби білім беру саласындағы жетекші мамандар қатысады. Олардың ішінде «Еуропалық медицина мамандар бірлігі» кеңесінің құрметті президенті Леонард Харви, Қолданбалы ғылымдар JAMK университетінің өкілдері мен бірге, Данди университетінің инновация жөніндегі деканы Джин Кер және Ресей, Корея медицина жөніндегі бірқатар ғалымдар конференция барысында өз тәжрибелерімен бөлісті. Сондай-ақ қатысушылар бір ауыздан қарар қабылдап, медицина саласындағы негізгі мәселелерді талқылады.
ҚазМҮБУ мен Еуропалық стандартталған пациенттер педагогтары қауымдастығы, Ресейлік-америкалық медициналық қауымдастық, Ресей және Беларусь халықаралық стандарттарды енгізу және халықаралық сертификат беру мен медициналық қызметкерлерге үздіксіз білім беру саласындағы бірлескен бағдарламаларды әзірлеу мәселелері жөніндегі постдипломдық білім беру медициналық академиялары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум қорытындысы негізінде нақты қадамдар жасамақ.
Конференцияны ұйымдастырушылар ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті және «Медициналық мамандарды үздіксіз кәсіби дамыту» АҚ болып табылады.
Ая ӨМІРТАЙ
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!