Осы жылдың басында қызылордалық екі отбасында үшемдер дүниеге келген болатын. Аймақ басшысы көпбалалы әкелерге су жаңа автокөліктің кілтін табыстады деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі
Осы жылдың басында қызылордалық екі отбасында үшемдер дүниеге келген болатын. Аймақ басшысы көпбалалы әкелерге су жаңа автокөліктің кілтін табыстады деп хабарлады облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі
Естеріңізге сала кетсек, 4 наурыз күні перзентханадан үшемдер үйіне шығарылды. 25 жастағы Қазалы тұрғыны Кенжегүл Ембергенова үш ұлды дүниеге әкеліп, көпбалалы ана атанды. Бұған дейін оның отбасында бір бала болатын. Екінші бақытты ана - 36 жастағы Жаңақорған ауданының тұрғыны Нұргүл Бегімбетова. Ол бір күнде екі ұл мен бір қызды жарық дүниеге әкелді. Нұргүлдің бұған дейін бір қызы болған.
Ал, бүгін үшемдердің әкелеріне облыс әкімі Қырымбек Көшербаев темір тұлпардың кілтін тапсырды.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!