USAID Қазақстанда "Сапалы денсаулық сақтау" бағдарламасын жүзеге асырды - Ұлт саулығы|26 Қыркүйек 2014, 14:51
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

USAID Қазақстанда "Сапалы денсаулық сақтау" бағдарламасын жүзеге асырды

Астана. 26 қыркүйек. Baq.kz – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен USAID арасындағы табысты ынтымақтастық Қазақстанға денсаулық сақтау саласында үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндік берді. 

Бұл туралы бүгін ана мен бала денсаулығы, отбасын жоспарлау саласындағы «Сапалы денсаулық сақтау» атты USAID бағдарламасының аяқталуына арналған баспасөз мәслихатында АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джон Ордвей мәлімдеді.

Елші жоба аясында жұмыс істеген қазақстандық мамандардың біліктілігін жоғары бағалады. «Қазақстанда ана мен бала денсаулығын сақтау саласында жағдай елеулі түрде жақсарды. Аталған жобадан соң Қазақстанмен арадағы ынтымақтастық бітпейтіні анық. Біздің арамызда өте тығыз байланыс орнады» деді елші. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер