ҰМХ клиникаларында әлемде ең үздік деп танылған емдеу тәсілдері қолданылады - Ұлт саулығы|03 Қазан 2014, 09:39
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

ҰМХ клиникаларында әлемде ең үздік деп танылған емдеу тәсілдері қолданылады

 АСТАНА. 3 қазан. BAQ.KZ – Бұл туралы кеше Чехия Республикасы Парламентінің денсаулық сақтау жөніндегі комитетінің төрағасы Вызула Ростислав Астана клиникаларының жұмысымен танысу барысында айтты.

 Чехия Республикасы Парламенті делегациясының сапары шеңберінде Депутаттар палатасының вице-спикері В.Филипп бастаған топ бүгін Астанадағы Ұлттық медициналық холдинг клиникаларында: Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында, Ұлттық кардиохирургиялық орталықта және Республикалық балаларды оңалту орталығында болды.
Айта кету керек, Ұлттық ғылыми кардиолхирургиялық орталық – кардиохирургия саласында Қазақстанның ұлттық бренді болып табылады. 2012 жылдың тамыз айында орталықта еліміз тарихында алғаш рет донор жүрегін трансплантациялау отасы сәтті жасалды. Клиникада бірегей медициналық қондырғы OrganCareSystem (TransMedics, АҚШ) пайдаланылады. Мұндай қондырғы әлемдегі 4 елде: АҚШ, Австралия, Германия және Қазақстанда ғана бар.
Ана мен бала ұлттық орталығы және Республикалық балаларды оңалту орталығы - Халықаралық Біріккен Комиссия (JointCommissionInternational, JCI) сертификатына ие болған емдеу мекемелері. JCI аккредитациясы «алтын стандарт», яғни медициналық ұйым қызметінің сапасы мен қауіпсіздігін мойындайтын, беделді баға болып саналады.
Чехия парламенттік делегациясының мүшелері холдинг клиникаларында болған кезде ең озық қондырғылар, мамандардың зияткерлік әлеуеті, науқастарды көріп, үлкен әсерде болғандарын алға тартты.
«Балаларға жаңа туған сәтінен бастап кең ауқымды медициналық қызмет көрсетілетіні, әлемде үздік деп танылған ең озық емдеу әдістері қолданылатыны үлкен әсер қалдырды»деді Чехия Республикасы Парламентінің денсаулық сақтау жөніндегі комитетінің төрағасы Вызула Ростислав.
Чехия Республикасы Парламентінің денсаулық сақтау жөніндегі комитетінің төрағасының орынбасары Касал Давид өз кезегінде Астанадағы орталықтарда балалар үшін барлық жағдай жасалғанын, клиникалар халықаралық стандарттарға сай екенін айтты.

Ая ӨМІРТАЙ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер