Атырау. 30 мамыр. BAQ.KZ – Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ қызметкерлері Атырау облысы ауруханасында және Атырау медициналық колледжінде «Дәрігерге дейінгі көмек көрсету» курсынан өтті, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі Атырау облысы ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
Шұғыл медициналық көмек көрсетудің негізгі міндеттерін Алматы ұлттық медициналық ассоциациясының президенті Айжан Садыкова үйретеді.
Оқу тобын қызметтің қалалық және аудандық өрт сөндіру бөлімдерінің қарауыл бастықтары, бөлімше командирлері және өрт сөндірушілер құрады.
Аталған курстан өткен қызметкерлер алдағы уақытта шұғыл медициналық білікті көмек көрсете алады.
Курс аяқталғаннан соң барлық тыңдаушылар емтихан тапсырып, белгіленген үлгідегі куәліктерге ие болады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!