- Соңғы 10 жылда республикалық туберкулезбен сырқаттанушылық 2,1 есе, ал одан болатын өлім көрсеткіші 3,7 есеге төмендеді. Жалпы, біздің еліміз мемлекет тарапынан туберкулезге қарсы күрес жүргізіліп жатқан іс-шаралар нәтижесінде елеулі жетістіктерге қол жеткізді. Атап айтсақ, 2011 жылы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бағалау миссиясы Қазақстанда туберкулезге қарсы жүргізіліп жатқан іс-шараларға жоғары баға берді. Науқастарды туберкулезге қарсы 1 және 2 қатардағы препараттармен қамтамасыз етуде ДДҰ-ның бұл саладағы мақсаттық көрсеткіші 85 пайызды құраса, Қазақстанның көрсеткіші 100 пайызды толық қамтыды, - деп атап өтті Салидат Зекенқызы.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!