Травматология саласындағы бірегей жасалым - Ұлт саулығы|05 Маусым 2014, 12:00
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Травматология саласындағы бірегей жасалым

АСТАНА. 5 маусым. BAQ.KZ – Елбасының «Қазақстан жолы-2050» Жолдауында денсаулық сақтау саласына жаңа инновациялық технологияларды енгізу туралы айтылған болатын. Осыған орай, ҚР ДСМ «Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті» АҚ базасында бірегей жаңалық ашылды.

«Бұғана сынығын оперативті емдеуге арналған бекіткіштер мен құралдар жинағы» жарық көрді. Бұл- аталмыш университеттің травматология және ортопедия кафедрасыныың меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы, профессор Оразбай Әбдіразақовтың чехиялық «Medin» фирмасы мамандарымен бірлесе жасаған авторлық жұмысы.
 
«Медициналық практикада бұғананың сынуы жиі кездеседі. Көбінесе сүйек сынықтарының ауытқуынан болатын оқиғалар. Клиникалық практикада жабық жолмен сүйек сынықтарын біріне-бірін келтіру және оны толық біткенге дейін ұстап тұру өте күрделі. Қазіргі қолданып жүрген сыртқы бекіткіштер сынықтарды біріктірудің тұрақтылығын, оның бірігуі үшін жағдайды қамтамасыз ете алмайды және әртүрлі асқынулардың болатыны байқалады. Қолда бар бекіткіштерді қолдану барысында кездесетін осындай қиындықтарды ескере отырып, жаңа өзіндік ерекшеліктері бар «Бұғана сынығын оперативті емдеуге арналған бекіткіштер мен құралдар жинағы» әзірленді»,- дейді ҚазМҮББУ тілдерді дамыту және қоғаммен байланыс бөлімінің қызметкерлері.
 
Клиникалық сынақтар табысты өткен. Қазақстан Республикасының патенті мен Ресей Федерациясының басымдық анықтамасы берілген.
 
Енді мұны Қазақстан және шетелдерде клиникалық қолдануға арналған «Жиынтықты» жасау және шығару жоспарланып отыр.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер