Талқықорғанда екі жас жігіт менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі BNews.kz агенттігіне сілтеме жасап.
Талқықорғанда екі жас жігіт менингококк инфекциясын жұқтырды деген күдікпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі BNews.kz агенттігіне сілтеме жасап.
Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақтың айтуынша, ауруханаға 19 және 21 жастағы екі жас жеткізілген.
«Клиникалық диагнозбен 19 және 21 жастағы екі бала ауруханаға жатқызылды. Қазіргі таңда зертханалық анализ жасалып жатыр. Сондықтан олардың қандай ауруды жұқтырғаны туралы нақты айту әлі ерте», - деді басшы.
Айта кетейік, осыған дейін Шымкентте менингит жұқтырды деген күдікпен мектеп түлегі қаза тапқан. Сонымен қатар Ақтөбедегі ауруханада сәбидің менингит инфекциясын жұқтырғаны анықталған.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!