Шымкенттік түлек менингиттен қайтыс болды – ДСМ - Ұлт саулығы|19 Маусым 2018, 13:05
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Шымкенттік түлек менингиттен қайтыс болды – ДСМ

15 маусымда қайтыс болды деген Шымкенттегі №9 мектеп-лицейдің 18 жастағы түлегі менингококк инфекциясынан қаза тапқан, деп хабарлайды Вaq.kz ақпарат агенттігі BNews.kz басылымына сілтеме жасап.

«Оңтүстік Қазақстан облысында 15 маусым күні менингококк инфекциясына күдікті болған баланың диагнозын лабораториялық сараптама қорытындысы растады», - деп хабарлады ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті.

Айта кетейік, 2000 жылы туған науқас «менингит» диагнозымен ауруханаға түскен бала таңғы сағат 07:05 минутта қайтыс болды. Түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалып жүрген.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер