АСТАНА. 26 ақпан. BAQ.KZ – Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында бүйрек алмастыру операциялары басталды. Бұл туралы тілшісіне облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
АСТАНА. 26 ақпан. BAQ.KZ – Шымкент қалалық жедел медициналық көмек көрсету ауруханасында бүйрек алмастыру операциялары басталды. Бұл туралы тілшісіне облыс әкімі аппаратының баспасөз қызметі хабарлады.
Аурухана дәрігерлері кореялық мамандармен бірлесіп, бірнеше бүйрек трансплантациясын жасауда және жергілікті мамандарға арналған шеберлік сабақтары өткізілуде. Былтыр аймақтар арасында тұңғыш рет дәл осындай бүйрек дертіне шалдыққан 11 науқасқа Шымкент қаласында операция жасалып, барлығы сәтті өткен болатын. Тіпті олардың арасында операциядан кейін ұрпақты болып жатқандары да бар. Дегенмен, науқастар дәрігерлердің үнемі жіті қадағалауында болады. Осы жолы тағы 7 науқастың бүйрегі алмастырылуда.
2014 жылдың 24 ақпаны мен 1 наурызы аралығында келісілген Меморандум аясында АНАМ Корей университеті медициналық орталығының трансплантология және қан тамырлары хирургиясы бөлімінің меңгерушісі, профессор Пак Кван Тэ лекциялық курстар өткізуде.
Елбасы Н.Назарбаевтың Шымкент республикадағы үшінші қала болуы тиіс деген тапсырмасын жүзеге асыру барысында экономикалық, өндірістік және әлеуметтік секторларды қарқынды дамытуда Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен АНАМ Корей университетінің госпиталі 2013 жылы екі жақты бірлескен Меморандумға қол қойған болатын.
Нұрсерік ЖОЛБАРЫС
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!