Шетелден Денге безгегін жұқтырып келу қаупі бар - Ұлт саулығы|04 Маусым 2014, 17:43
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Шетелден Денге безгегін жұқтырып келу қаупі бар

АСТАНА. 4 маусым. BAQ.KZ – Денге безгегін бейберекет елдерден тасымалдау қаупі бар. Сондықтан, қалыптасқан жағдайға байланысты ҚР Индустриясы және жаңа технологиялар министрлігі Туризм индустриясы комитеті туроператорлар мен турагенттерге аурудың таралуы және індетке қарсы алдын-ала іс-шара қолдану туралы туристерді міндетті түрде ақпараттандыруға кеңес береді.

«Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі агенттіктің ақпараты бойынша Денге безгегін бейберекет елдерден тасымалдау қаупі болғандықтан халық көші-қонына бақылау күшейтілді»,- делінген комитет таратқан хабарламада.

Денге безгегі кейінгі кездері Бразилия, Вьетнам, Вэнесуэла, Индия, Индонезия, Перу, Парагвай, Мексика, Нигарагуа, Колумбия, Каймана аралдары, Тайланд, Шри-Ланка және Малайзияда тіркеліп отыр.

«Осыған байланысты Денге безгегінен алдын-ала сақтандырудың әдістері болып - масалардың шағуына қарсы бағытталған шаралар: масаларға қарсы шымылдықтар құру, есік-терезелерді тормен жабу, репелент, фумигатор және басқа да масаларды қашыратын құралдарды пайдалану болып табылады. Міндетті түрде өздерімен қан сорғыш жәндіктерге қарсы құралдары болуы қажет. Індетпен ауырғаны байқалған жағдайда тез арада жақын маңдағы медициналық мекемеге барып, медициналық көмек алу қажет», - дейді мамандар.

Денге немесе тропиктік қызба - суқоймаларда көбейетін масалармен таралатын жіті вирустық жұқпа. Аурудың бірден - бір белгісі бұлшықеттердегі ауру сезімі болып табылады. Мамандардың бұл аурудан қауіптенуіне негіз де жоқ емес. Қазақстанда өткен жылы Алматы қаласының тұрғыны Денге қызбасы жұқпасымен ауырды. Науқас жұқпаны туристтік жолдамамен Тайландта болған кезде жұқтырған. Науқасты масалар шаққан. «Тайланд Денге қызбасынан қолайсыз елдердің қатарына жататынын ескертеміз»,-дейді Комитеттің баспасөз қызметі.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер