Семейге Қырғызстан мен Тәжікстаннан дәрігерлер келді - Ұлт саулығы|21 Мамыр 2014, 11:19
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Семейге Қырғызстан мен Тәжікстаннан дәрігерлер келді

Астана. 21 мамыр. Baq.kz – Көрші қырғыз және тәжік дәрігерлері Семейге туберкулез ауруын емдеуде тәжірибе алмасу үшін келді. Мамандар қазақстандық әріптестерімен Орталық Азия елдеріндегі туберкулезге қарсы дәрі-дәрмек саласындағы жаңашылдықтарымен таныспақ.

Әрбір елдің бұл салада өз айтары бар. Сондықтан, дәрігерлер ел-елді аралап, тәжірибелерімен бөлісіп жүр. Осы мақсатта жыл сайын жиындар да ұйымдастырылып тұрады. Сондай шаралардың бірі алдын хабарлағанымыздай, 13 мамыр күні Тәжікстанда өткен болатын. Қазақстан мен Қырғыстаннан барған мамандар аймақтық орталықтарда болып, ондағы туберкулез ауруымен күрес жөніндегі мемлекеттік бағдарламаның орындалу барысымен танысқан. Атап айтсақ, қонақтар Рашт, Таджикобадта болып, жергілікті мамандармен тәжірибе алмасты.
Тәжікстандағы орталықтың директоры Уктам Бобоходжаевтың айтуынша, Тәжікстанда туберкулезге қарсы препараттарды сатып алуға және оны елге жеткізуге толықтай тыйым салыну туралы шешім қабылдапты.

«Диспансерлерді қаржыландыруды тоқтатпай, қысқартпай да жатын орындарды екі есеге қысқартып отырмыз. 2015 жылы диспансерлердегі 2535 жатын орнының 1500-ін ғана қалдыруымыз керек. Бүгінгі күнде бұл жоспарымыз 30%-ға орындалды», - деді орталықтың директоры.

Бобоходжаев сондай-ақ, қазіргі таңда бұл елде аурудың алдын алу жауапкершілігі отбасылық дәрігерлерге артылғанын атап өтті. Олардың 80% ауруды бастапқы уақытында анықтау әдісін меңгерген.

Енді міне, жобаға қатысушылар Қазақстанға да келді. Жергілікті дәрігерлердің құрт ауруын емдеудегі тәжірибелері өзге елден келген мамандарды қызықтырары анық.

«Әрбір елдің ұлттық бағдарламасының өзіндік ерекшелігі бар. Шетелден келген мамандарды Семей аймағының тәжірибесі қызықтырып отыр. Біз туберкулез ауруын амбулаторлық жағдайда емдеуде әлеуметтік қызметтік қолдауы қажет екенін көрсеткіміз келді. Осындай бағытта семейлік мамандар ауруды емдеуде жетістікке жетіп отыр», - деді ТВ CARE Қазақстандағы жобасының директоры Мария Ыдырысова.  


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер