«Саламатты Қазақстан» ел медицинасын нығайтты - А.Рафальский - Ұлт саулығы|28 Ақпан 2014, 12:45
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«Саламатты Қазақстан» ел медицинасын нығайтты - А.Рафальский

Астана. 28 ақпан. Baq.kz – Бүгін Астанада ҚР Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекова мен ҚР Вице-премьері Г.Әбдіхалықованың қатысуымен «ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын іске асыру барысы» туралы республикалық жиын өткені болатын.  

Шара барысында сөз алған СҚО Тайыншы аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Анатолий Рафальский ауылды аймақтардағы емдеу орталықтарының жай-күйіне және халықтың денсаулығына қатысты ойын айтты.

"Ауылдық медициналық қызметкерлерге Елбасы Жолдауы ерекше қуаныш сыйлады. Өйткені, ауылдағы жұмыстың өзіндік ерекшелігі бар. Қазіргі таңда біздің «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламамыз бар, ол белгіленген жолмен жүруге мүмкіндік береді. Осы бағдарламаның арқасында еліміздің медициналық қызметі нығайды. Жаңа озық медициналық құралғылармен – диагностика және емдеу жабдықтарымен жарақтандыруға қол жеткізілді" деді маман сөз барысында.

Оның айтуынша, аймақта денсаулық сақтау мамандарына қолайлы жағдайлар жасалған.
"Қазір біз медициналық қондырғыларды жалға ала аламыз, бұл бюджет қаражатын үнемді және тиімді жұмсауға мүмкіндік береді. Қатарымыз жас мамандармен толықты, олар баспанамен, балалары балабақшамен қамтамасыз етілді. Дәрігерлер мен мейіргерлердің жұмыс істеу жағдайы жақсартылды. Электрондық сырқаттама, амбулаториялық карталар жасалды. Әр дәрігердің және мейіргердің жұмыс үстелінде компьютер орнатылған. Емханада науқастар дәрігерлердің қабылдауына телефонмен жазылады. Дәрігерлер телімдер бойынша қосымша мейіргерлермен, әлеуметтік қызметкерлермен, психологтармен күшейтілді. Яғни, медициналық қызметкерлер үшін науқастарға қызмет етуге қолайлы жағдай жасалды. Бүгінгі таңда ауыл халқы өз қалауына қарай қалалық, облыстық және республикалық клиникаларға жата алады. Ауылдағы дәрігерлердің біліктілігін көтеру үшін республикалық клиникалардың көшпелі шеберлік-сабақтары ұйымдастырылды" деп сөзін түйді бас дәрігер. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер