Психологиялық көмек жобасы 6 мың жұмыссызды қамтымақ - Ұлт саулығы|05 Қазан 2014, 10:20
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Психологиялық көмек жобасы 6 мың жұмыссызды қамтымақ

АСТАНА. 5 қазан. BAQ.KZ - Шығыс Қазақстан облысындағы еңбек нарығын оңтайландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарлама шеңберінде жұмыссыздарға психологиялық көмек беретін жоба қолға алынды деп хабарлайды ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.
 

 Аталған жобаның «Жұмысқа орналастыру әлеуетін арттыру» атты бөлімі бойынша жұмыс іздеп жүрген жандарға арналып семинар-тренингтер өткізілмек. Сондай-ақ, біз оларға кәсіптік бағдар беру жағын да ойластырдық, - дейді «Bliss» психологиялық орталығының психологкеңесшісі Олеся Коваленко.
- Тренингтер барысында біз қатысушыларға алдарына нақты мақсат қоя білу, өздері туралы дұрыс түйіндеме құрастыру, жұмысқа орналасу жөніндегі сұхбаттасудан сәтті өту сияқты мәселелер жөнінде дәрістер оқимыз,-дейді ол.
Жалпы, үш айға жоспарланған бұл жоба алты мың жұмыссызды қамтуға негізделіп отырғандығын айтады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер