BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.29 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 426.4 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.93
Астана:

Педиатрия саласында клиникалық зерттеу жүргізу қажет – бас педиатр

Фото: Автор

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Клиникалық зерттеуді балалар тәжірибесінде жүргізу өте күрделі, дегенімен оны жасау өте маңызды әрі өзекті болып отыр. Бұл туралы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығының басқарма төрайымы Риза Боранбаева Алматыда өткен брифинг барысында айтты.

Жиын барысында мамандар елімізде балалар клиникалық зерттеуін жасаудың маңыздылығына тоқталып, ҚР Денсаулық сақтау заңнамасына өзгерістер енгізу қажеттігін айтты.

«Кейбір ауру түрлері жаңа терапия мен жаңа дәрілік құралдарды қажет етуде. Сондықтан педиатрия саласында клиникалық зерттеулерді жүргізу қажет. АҚШ, Еуропа және Ресейде педиатриядағы клиникалық зерттеулер бұрыннан жасалып келеді. Жаңа Заңның қабылдануының арқасында бұл елдерде клиникалық зерттеулердің саны жыл сайын артуда. Мәселен, Америкада жылына 10 мыңға жуыз зерттеу жүргізіледі, ал Ресейде мыңға дейін клиникалық зерттеу жүргізілген. Бүгінгі күнге дейін біз мұндай мүмкіндікке ие болмадық. Сондықтан біз, педиатрлар балалардың клиникалық зерттеуін жүргізуді қолдаймыз, әрине ол үшін белгілі бір жағдай жасалу керек. Зерттеудің барлығы халықаралық стандарттарға сай болуы керек және зерттеу жүргізетін орталықтар арнайы акредитациядан өтуі қажет. Осындай шарттардың барлығын орындай отырып зерттеуді жүргізуге болады. Әлемдік медицина бір орнында тұрмайды, күнен-күнге даму үстінде», -дейді Р.Боранбаева.

С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің зерттеу қызметі бойынша проректоры Бауыржан Сәбитов бұл қазіргі таңдағы өзекті мәселенің бірі екендігін айта келе, Денсаулық сақтау заңындағы талқыланғалы отырған бұл өзгеріс халықтың шағын тобына жағдай жасайтындығын жеткізді.

«Шағын топ дегеніміз – балалар, жүкті әйелдер, әскерилер, сотталушылар және қабілетсіз адамдар. Балалар клиникалық зерттеуін жүргізу үшін Қазщақстан заңын халықаралық талаптарға сай етуіміз керек. Ақпараттық келісім жүргізу керек. Ол адамдар зерттеуге қатыспаса біз оларға ешқандай көмек көрсете алмаймыз. Заңға енгізілетін жаңа кодекс оны жасауға мүмкіндік береді. Алайда бұл зерттеулер үлкен тәуекелді қажет етеді, онсыз ғылыми даму тоқтайды», -дейді ол.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер