Павлодарлықтардың 54%-ы қорқорды зиянсыз деп біледі - Ұлт саулығы|29 Қыркүйек 2014, 13:06
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Павлодарлықтардың 54%-ы қорқорды зиянсыз деп біледі

 Астана. 29 қыркүйек. Baq.kz - Павлодар облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің мамандары өңір тұрғындарының қорқорға қатысты пікірін білу мақсатында әлеуметтік сауалнама жүргізді, деп хабарлайды Павлодар облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің баспасөз қызметі.

 Мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің мәліметінше, сауалнама нәтижесінде павлодарлықтардың 54% қорқорды тұтыну өкпеге еш зиян келтірмейді деген пікірде.
- ҚР санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижесінде мамандар қауымы темекі шегу құралдары, қорқор сұйықтықтарының құрамын тексерді. Нәтижесінде қорқор құрамында ішек және өзге де қауіпті таяқшалардың бары анықталды. Аталмыш бактериялар гепатит, туберкулез, герпес сынды вирустық ауруларға душар етеді. Қорқор түтінінің құрамында темекіге қарағанда шайыр 36 есеге, көміртегі монооксиді 30 есеге артық. Ал иіс газы 8,4 есеге, никотин 7,5 есеге артық, - дейді департамент мамандары.
Естеріңізге сала кетсек, еліміздің бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қоғамдық орындарда қорқор тартуға тыйым салған болатын.
Санитарлық-эпидемиологиялық сарап нәтижесі көрсеткендей, Қазақстан аумағындағы қоғамдық тамантану және басқа да орындарындағы шылым шегу түтікшелерін, қорқор сұйықтықтары және олардың ыдыстарын тексерген кезде, олардан адам денсаулығы үшін қауіпті болып саналатын ішек және көкірің таяқшалары, сарғыш стафилококтар, саңырауқұлақтар табылғаны анықталған болатын.
Осы айғақ бойынша, 2009 жылдың 18 қыркүйегіндегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 21, 159 - баптары негізінде тыйым салынды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер