Павлодар қаласындағы емханалардағы медициналық қызметтерге бірыңғай тариф белгіленді, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.
Павлодар қаласындағы емханалардағы медициналық қызметтерге бірыңғай тариф белгіленді, деп хабарлайды Baq.kz аймақтағы тілшісі.
Бұған дейін медициналық мекемелер көрсететін ақылы қызметтер негізсіз көтеріліп, күмән тудырған болатын. Сол себепті мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстағы департаментінің өкілдері тексеріс жүргізді.
Ведомствоның мемлекеттік қызмет саласын бақылау жөніндегі бас маманы Дәулет Ермағамбетовтің айтуынша, тексеріс жұмыстары «Дәрігерлер нашақорлыққа қарсы» қоғамдық қорының директоры Сергей Молчановтың өтініші бойынша жүргізілді.
«Мәселен, №5 қалалық емханада ішек таяқшасының зертханалық сараптамасы тегін жүргізілсе, кардиохирургиялық орталықты бұл қызметтің бағасы 2950 теңге тұрады. Павлодардағы емханаларда «терапевт кеңесі» қызметі 1000 теңгеге бағаланса, облыстықа ауруханада 2000 теңге тұрады. Яғни, айырмашылығы – 1000 теңге. Сальмонеллез ауруына бактериологиялық зерттеу 1350 теңге болса, облыстық кардиохирургиялық орталықта 1950 теңге тұрады. Айырмашылығы - 600 теңге», - дейді маман.
Осындай жағдай невропотолог, офтальмолог, терапевт, акушер-гинеколог, хирург және облыстық аурухананың тағы 20 маманына қабылдау бойынша туындаған Енді бұндай айырмашылық болмайды.
Департаменттің баспасөз хатшысы Айнұр Сәдуақасаованың хабарлауынша, ведомство өкілдерінің мұрындық болуымен құрама прескурант әзірленді.
«Бұл прейкурантта облыстың қала-аудандарындағы медициналық мекемелер көрсететін ақылы қызметтердің бағалары көрініс тапқан. Сонымен қатар, белгілі бір қызмет тарифінің артуының себептері көрсетілген. Мәселен, енді барлық мекемелерде жүрек дәрігерінің кеңесі 1800 теңге тұрады», - дейді Айнұр Сәдкақасова.
Қуантарлығы, денсаулық сақтау ұйымдарында әлеуметтік әлжуаз топтарға жататын тұрғындарға жеңілдік бойынша қзымет көрсетіледі. Бұл санатқа ҰОС-ның қатысушылары, І және ІІ топ мүгедектері жатады.
Айта кетейік, Павлодар өңірінің денсаулық сақтау желісінде 348 ұйым жұмыс істейді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!