BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 379.36 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 424.47 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.88
Астана:

«Өз АИТВ мәртебеңді біл!» акциясы жалғасуда

Астана, BAQ.KZ. Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қарсаңында, Астана қаласының ЖИТС орталығы ұйымдастырған «Өз АИТВ мәртебеңді біл!» акциясы «Нұрлы Жол» вокзалында жалғасты. Бұл туралы Астана қаласының ЖИТС орталығының баспасөз қызметі хабарлайды.

Қараша айының 15-і мен желтоқсан айының 15-іне дейін созылған айлық барысында бас қаланың халық ең көп шоғырланатын орындарында, сауда орталықтары мен оқу орындарында аталмыш акция алдағы күндері де өткізіледі.

Аталмыш шараны өткізудің мақсаты қала тұрғындарын АИТВ инфекциясының берілу жолдары және одан қалай қорғану керектігі жөнінде жеткізу. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру. Мұндай акциялар қаламызда жыл сайын дәстүрлі түрде, Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қарсаңында, халық көп шоғырланатын орындарда өткізіледі.

«Нұрлы Жол» вокзалында өткен акция барысында тұрғындар тегін және анонимді түрде экспресс-тестілеуден өтіп, орталық мамандарымен кеңесіп, АИТВ жұқпасы туралы мағлұмат алды.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш акция 21-ші қараша күні, сағат 14.30-да Н. Назарбаев атындағы Халықаралық Әуежайда жалғасатын болады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер