Өткен тәулiкте менингококк инфекциясы тiркелген жоқ – ДСМ - Ұлт саулығы|08 Маусым 2018, 10:52
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Өткен тәулiкте менингококк инфекциясы тiркелген жоқ – ДСМ

Фото: flickr.com

Өткен тәулiкте менингококк инфекциясының жағдайы тiркелген жоқ. Бұл туралы елiмiздiң бас санитарлық дәрiгерi Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Қазiргi таңда жағдай тұрақты. Өткен тәулiкте менингококк инфекциясының бiрде-бiр жағдайы тiркелген жоқ. Дегенмен, бүгiнгi таңда ем қабылдап жатқан науқастар бар. Қазiр барлығы 20 пациент емделiп жатыр. Олардың 13-i Алматы қаласында, Алматы облысы мен Астана қаласында үш науқастан бар, ал Қарағанды облысында бiр науқас емделiп жатыр. Қазiргi таңда жағдай бiртiндеп тұрақталып жатыр. Бұл туралы кеше де айтқан болатынбыз. Соған қарамастан бiз халыққа түсiндiру-коммуникациялық жұмыстарды жалғастырып жатырмыз. Өңiрлерде де түсiндiрме жұмыстары жүргiзiлуде», - дедi Бекшин ОКҚ брифингі барысында.

Маманның айтуынша, сондай-ақ, өңiрлiк call-орталықтарда қауырт желi жұмысын жалғастырып отыр. Кеше осы қауырт желiге 3 мыңнан астам қоңырау түскен.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер