Астана. 20 мамыр. Baq.kz - Араның балы тек тәтті тағам емес, таптырмас ем. Балмен емдеу терапиясын дамыту мәселесін бүгін білікті дәрігерлер талқыға салды
Астана. 20 мамыр. Baq.kz - Араның балы тек тәтті тағам емес, таптырмас ем. Балмен емдеу терапиясын дамыту мәселесін бүгін білікті дәрігерлер талқыға салды
Емнің бұл түрі көптеген елдерде бір ізге салынған. Әсіресе, Украина мен Ресейде. Бұл елдерде орта есеппен әрбір адам жылына 2 келі бал жесе, біздегі тұтыну адам басына шаққанда небары 40 грамнан аспайды. Бал - дәрі-дәрмек ішуден гөрі әлдеқайда тиімді табиғи ем, әрі адам ағзасына зиянсыз, - дейді дәрігерлер. Мұны көбінде асқазан, ішек, жүйке, өкпе ауруларында жиі пайдаланатын көрінеді. Әзірше, апитерапия орталығы елімізде тек Алматыда ғана бар.
Ғабит Нұрәділ, Қазақстан омарташылары ұлттық одағының вице-президенті:
- Біз мысалы ауырған кезде дәрімен бірге түрлі қоспаларды ішеміз. Ол дұрыс емес. Мысалы бір араның өзіннен 7 түрлі өнім шығады. Онымен жыл бойы жүйелі түрде тамақтанатын болса, онда адамда инфаркт болмайды. Инсульт болмайды. Асқазаны жақсы жұмыс істейді.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!