Описторхоз ауруы Павлодар облысының барлық аудандарында тіркелуде - Ұлт саулығы|21 Қыркүйек 2014, 15:13
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Описторхоз ауруы Павлодар облысының барлық аудандарында тіркелуде

 Астана. 21 қыркүйек. Baq.kz – Ертіс өзені – Қазақстандағы описторхоздың ең ірі ошағы. Описторхоздың жоғары сырқаттанушылығы облыстың барлық өзен жағалауындағы аудандарында тіркелуде деп хабарлайды Павлодар облыстық жұқпалы және паразитарлық ауруларды эпидемиялық қадағалау бөлімінің бас маманы А. Смағұлова.

 «Описторхоз- бауырды зақымдайтын ұсақ опистархис-құрттары қоздыратын адамның және жануарлардың ауыр дерті. Описторхистер адамның, мысықтың, иттің, шошқаның, түлкінің және шикі балықты жейтін басқа да кәсіптік жануарларының бауырының өт өзегінде, өт қабында және ұйқы безінің өзегінде тіршілік етеді,-дейді ол.
Халық арасында описторхозбен жоғары сырқаттанушылықтың негізгі себебі – балықты термиялық өңдеудің қарапайым ережелеріне мән бермеуінен. Ересек адамдар описторхозды алдын алу ережелеріне мән бермей балаларды да бұл ауыр дертті жұқтырып алуға ұшыратады.
Балықты қақтау, салқын сүрлеу және шамалап тұздау описторхоз дернәсілдерін өлтірмейтінін білу қажет. Көптеген балықты сүйетіндер егер балық тұздалған болса оның барлық қатынаста зиянсыз екенініне сенімді. Жаңа ғана мұздатылған балықтан жасалған жұқа етіп тілінген балықты жеуге болмайды. Описторхоз дернәсілдері төмен температураға төзімді, сондықтан дернәсілдерді жоятын жоғары температура. Жақсы пісірілген, қуырылған және ыстық сүрленген балық қана қауіпсіз болып саналады.
Паразит дернәсілдерімен аққайран, қарабалық, тарғақ балық, шабақ, ақтабан, қызылқанат, ақбалық, талма тұқымдасының балықтары жиі зақымданады.
-Балық денесінде болатын гельминт дернәсілдері өте ұсақ. Сондықтан оларды құралсыз көзбен байқауға мүмкін емес. Дернәсілдерді жұқтырып алған соң паразит адам ағзасында 2-3 аптадан кейін өз белгілерін білдіре бастайды. Описторхоздың асқынған сатысы алергиялық ауруға ұқас. 2-3 аптадан соң ауру созылмалы сатыға өтеді. Диагноз үлкен дәретінің, өттің зертханалық зерттеулерінің нәтижесінде анықталады. Емдеу қаншалықты ерте басталса, соншалықты табысты болады,- дейді бас маман А. Смағұлова.

Ая ӨМІРТАЙ


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер