Оңай олжаға ие болғысы келгендердің жолы кесілді - Ұлт саулығы|21 Ақпан 2014, 19:40
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Оңай олжаға ие болғысы келгендердің жолы кесілді

 АСТАНА. 21 ақпан. BAQ.KZ – Еліміздің медицина саласында ашықтық пен жариялылықты енгізудің нәтижесінде 20 млрд теңге үнемделді. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде емделушілердің құқықтарын қорғау жөніндегі қоғамдық Кеңестің отырысында ҚР Денсаулық вице-министрі Болат Төкежанов айтты.

 «Денсаулық сақтау министрлігі «Қазмедтех» АҚ-мен бірлесіп медициналық техникаларды сатып алу кезінде бәсекелестік пен тиімділікті қамтамасыз ету үшін жұмыстар жүргізуде. Нәтижелері белгілі болып отыр. Министрлік 700 ауруханамен және 2000 емханамен жұмыс істейді. Күн сайын осы желіден 100 мың пациент өтеді, 2000 ота жасалады және 7000 төлем жүзеге асырылады. Осы әрекеттердің барлығы жергілікті атқару органдарымен өзара қарым-қатынастың нақты тетіктерін, стандарттарын қалыптастырады. Дегенмен, бұл әрекеттің барлығы ойдағыдай жүзеге асып жатыр дегеніміз кәсібилікке жатпайды. Кез-келген жұмыстан кемшілік табуға болады. Негізгі мақсат - барлық жүйенің тиімділігі мен сапасын арттыру. Ал, ол мақсатқа біз қол жеткізудеміз. Дәрігерлерден де, қарапайым тұрғындардан да сұраңыздар, ҚР ДСМ жұмысы соңғы 4 жылда жақсарды ма, жоқ па деп. Біздің жұмысқа көңілі толмайтындардың басым бөлігі «лай судан балық аулағандар». Ал, оған қазір нүкте қойылды. Ашықтық пен жариялылықты енгізудің нәтижесінде 20 млрд теңге үнемделді», - деді Б.Төкежанов.

Оның айтуынша, кейбір медициналық мекемелердің басшылары мен тасымалдаушылар процестердің ашық жүруіне кедергі келтіріп отырған көрінеді.

«Бюджеттік қаражатты тиімді пайдалануға құлықсыздық танытқандарға, "жеп отырған нанынан" айрылып қалғандарға, көлеңкелі айналымға мүдделі жандарды ескерткім келеді, бізді түк білмейді деп ойламаңыздар, жағдаймен етене таныспыз. Жұмыс істеуге кедергі болмаңыздар, олай болмаған жағдайда сіздермен әңгіме басқаша болады" деді вице-министр.

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер