Астана. 17 наурыз. Baq.kz – Қызылордада қарапайым пияздан қатерлі ісік жасушаларын жоятын сусын жасау жұмыстары қолға алынады. Жоба корейлік мамандардың көмегімен іске аспақ.
Астана. 17 наурыз. Baq.kz – Қызылордада қарапайым пияздан қатерлі ісік жасушаларын жоятын сусын жасау жұмыстары қолға алынады. Жоба корейлік мамандардың көмегімен іске аспақ.
Қызылорда облысы әкімдігі мен оңтүстіккореялық екі компания арасында ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Бұл компаниялар сыр өңірінде бірнеше жобаны жүзеге асырмақ. Шетелдіктердің жоспарында нанотехнологияларды қолдана отырып, пияздан сусын өндіру ісі де бар.
"Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, нанотехнологияларды қолдана отырып, пияз сусынымен обыр жасушаларының 70 пайызына дейін өлтіруге болады. Біз осы жобаны алғаш болып Қазақстанда, нақтысын айтқанда Қызылорда жерінде іске асыратынымызға қуаныштымыз. Жобаны жүзеге асыруға Қызылордамен бірге, Шығыс Қазақстан облысы да ниет еткен болатын. Бірақ, сыр өңірі осы өнімді өсіруге қолайлы мекен екенін көрсетті ", - деді корейлік компания басқаруының төрағасы Саймон Ким.
Саймон Ким сондай-ақ, 25 жылдан бері Қазақстанмен жемісті бірлестікте жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті. «Елдеріңіздің дамып, көркейіп келе жатқанына куә болып келеміз. Қазақстандықтарға заманауи технологиялар ұсынуға даярмыз. Көп ел бізбен бірлесе жұмыс істегісі келген еді. Бірақ біз Қазақстанды таңдадық", - деді Саймон Ким.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!